Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері қорытынды тексеруді жаңа үлгіде тапсырды

2021 жылдың 23 қазан 2021 23:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы қорытынды тексеру – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасындағы мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесінің мамандары енгізген компьютерлік бағдарламамен ерекшеленді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Бұл жаңа үлгі қашықтықтан сынақтар қабылдауға, бақылау сабақтарын тапсыру үдерісін оңтайландыруға, «адами факторды» жоюға, сондай-ақ ақпаратты өңдеуде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Тестілеу нәтижелері арнайы серверде жинақталады, онда бақылау сабағына жұмсалған уақыт пен қойылған бағаларды бақылауға болады.

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасында зенитшілер, авиаторлар, байланысшылар, тыл және басқа да түрлі мамандар қызмет атқарады. Әрбір әскери қызметшіден міндетті жалпы әскери пәндерден ғана емтихан алып қоймай, сонымен қоса тізімге ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды өндіру, инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету, қару-жарақ пен арнайы техниканы қолдану және оларды пайдалану, материалдық-техникалық және әуеайлақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері енгізілген.

Әуе қорғанысы күштерінде қорытынды тексеруді тапсыру жарыс түрінде өтті. Әрбір әскери қызметшінің аралық және соңғы нәтижелері, сондай-ақ құрылымдық бөлімшенің жалпы бағасы басқарма штабындағы ақпараттық стендте көрсетілді. Тексеру нәтижелерінде үздік әскери қызметшілер анықталатын болады.

Қорытынды тексеру жыл сайын оқу жылының соңында барлық әскери бөлімдерде өткізілетінін және әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын көрсететін білім деңгейін бақылау бөлігі болып табылатынын айта кеткен жөн.

Жоғары қарай