Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әуе тасымалын мемлекеттік реттеу азаматтық авиация нарығының дамуына кедергі келтіреді

2021 жылдың 28 қараша 2021 10:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Авиатасымалдарды мемлекеттік реттеу азаматтық авиация нарығының дамуына кедергі келтіреді. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Ақтау халықаралық әуежайынан аптасына ішкі бағыттар бойынша 107 рейс, халықаралық бағыттар бойынша 23 рейс орындалуда. оның ішінде 8 ішкі бағыт: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Түркістан және 10 халықаралық бағыт: Мәскеу, Стамбул, Тбилиси, Горган, Үргеніш, Нөкіс, Ереван, Кутаиси, Грозный, Дубай. 2012 жылдан бастап ішкі авиатасымалдар нарығы толығымен ырықтандырылғанын және рейстер саны мен бағыттар бойынша шектеулер жоқ екенін атап өту қажет. Яғни тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар. Әрбір қазақстандық авиакомпания ішкі маршрутта сұранысқа сәйкес өзіне қажетті кез келген уақытта тұрақты рейстерді орындауына болады. Осыған байланысты тұрақты ішкі рейстерді орындауға рұқсаты бар қазақстандық авиакомпанияларда ішкі тұрақты тасымалдар нарығында қандай да бір шектеулер жоқ», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Оның атап өтінше, халықаралық қатынастарды ашу бойынша жұмыс ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісе отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдері негізінде, сондай-ақ шет мемлекеттердің енгізілген шектеулерін ескере отырып жүзеге асырылып жатыр. Ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес қазіргі уақытта Ақтау қаласынан аптасына 23 рейс жиілігімен 8 бағыт бойынша 7 елге халықаралық рейстер орындалуда.

«Авиабилеттер құнын төмендетуга қатысты Қазақстан Республикасында әуе көлігіндегі бағаларды мемлекеттік реттеу алынып тасталғанын атап өту қажет. Авиатасымалдарды мемлекеттік реттеу азаматтық авиация нарығының дамуына кедергі келтіреді. Қазақстан Республикасының әуе тасымалдары нарығындағы бағыттардың көпшілігінде тасымалдарды бірнеше тасымалдаушылар орындайды. Осыған байланысты, тариф белгілеуді реттеуді енгізу бәсекелестікке теріс әсер етеді», - деді ол.


Жоғары қарай