Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әуежайда елдің мазасын алып, полицейлерге қарсылық көрсеткен екі мас жолаушыға айыппұл салынды

2020 жылдың 28 қазан 2020 17:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері елорда әуежайында Алматы қаласының екі тұрғынын әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының әуежайындағы желілік полиция бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы тексеру қызметінің инспекторы екі жолаушыға қатысты шара қабылдау туралы өтінішпен келді.

Оның айтуынша, олар балағат сөздер айтып, өздерін дөрекі ұстаған, сөйтіп «FlyArystan» әуекомпаниясының «Нұр-Сұлтан – Алматы» бағытындағы рейсіне отырғызу талонынсыз өтуге тырысқан.

Оқиға орнында әуежайдағы полиция қызметкерлері оларды тыныштандыруға тырысқанымен, олар тәртіп сақшыларының ескертуіне құлақ аспай, бағынбаған.

Тексеру барысында көлік полицейлері олардың 1985 және 1986 жылы туған Алматы қаласының тұрғындары екенін анықтады.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес аталған азаматтар жеңіл дәрежедегі алкогольді мас болған.

Осы факті бойынша полицейлер ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК 667-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырды.

Қоғамдық орынға мас күйде келу фактісі бойынша оларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ әкімшілік материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.


Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан, Заң, Көлік,
Жоғары қарай