Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әуежайлар ашылды, блокпостар неге алынбады – Бас санитар жауабы

2020 жылдың 26 мамыр 2020 17:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова әуе, темір жол қозғалысы ашылса да, блокпостардың неге алынбайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, карантинді жұмсарту шаралары жағдайға қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі. Автобустар мен жеңіл көлікке қарағанда, әуе рейсін халықтың аз бөлігі қолданады. Екіншіден, еліміздің әр өңіріндегі жағдай әр түрлі. Қазіргі цифрлардан өңірлер жағдайының теңескенін көріп отырған жоқпыз. Кей өңірде жұқтырудың ең төменгі көрсеткіші тіркелсе, өзге өңірде – керісінше жоғары», - деді бас санитарлық дәрігер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, барлық шешім коронавирус инфекциясын қосымша таратпау үшін қабылданып жатыр.

«Сондықтан, жеңілдетудің бірінші кезеңінде әуе рейстері іске қосылды. Келесі кезеңде – темір жол көлігі. Бәлкім, одан кейінгі кезеңдерде өңірлер арасындағы блокпосттар алынатын шығар. Кей өңірлер өз ішіндегі блокбекеттерді алып тастады. Сондықтан да, коронавирус инфекциясының қайта тарауына жол бермеу үшін блокпосттар ашылмайды», - деді А, Есмағамбетова.

Бұған дейін бас санитарлық дәрігер Қазақстан әуежайларында өзге елде жүргізілген ПТР тестінің нәтижесі қабылданатынын хабарлаған еді.

Сонымен бірге, COVID-19 науқасымен байланыста болғандар екі топқа бөлінетін болады .



Жоғары қарай