Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ауғанстанда 22 млн адам аштықтық зардабын тартуда

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 17:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауғанстанда тамақты тойып ішпейтіндер саны рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Қақтығыстар, экономикалық күйзелістер, табиғи апаттар, саяси тұрақсыздық, сондай-ақ гуманитарлық көмек жеткізудегі қиындықтар планетаның әртүрлі нүктелеріндегі азық-түлік дағдарысын күшейтуде. БҰҰ мекемелері олардың 20-ын анықтады.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДАБ) мен Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ААҰ) дайындаған баяндама авторлары Эфиопия, Нигерия, Оңтүстік Судан және Йемен елдеріндегі жағдайға алаңдаушылық танытқан. Осы төрт елдің тұрғындары бесінші деңгейдегі азық-түлік дағдарысын бастан өткеруде. Бұл дегеніміз олардың басым бөлігі аштықтан көз жұмуы мүмкін.
Зерттеу ашаршылық пен қақтығыстың байланысын тағы бір рет дәлелдеді. Ашаршылық алдында тұрған адамдар - әскери қақтығыстар салдарынан өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғандар. Олар баспанасыз, жалақысыз қалғандар.
Азық-түлікке байланысты жағдай нашарлап жатқан елдер қатарында Мьянма, Орталық Африка Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Сомали және басқалар.
Сонымен қатар, Гаити, Шығыс Африка, Мадагаскар, Мозамбик, Ауғанстанның батыс аудандарының тұрғындарына климаттың өзгеруіне байланысты азық-түлік жетпей жатыр.
Пандемия мен оның экономикалық зардабы жағдайды қиындатуда: 2020 жылдың мамырынан бастап азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр, әсіресе Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Орталық және Шығыс Азияда қатты сезілуде.
Баяндама авторларының мәліметінше, Ауғанстанда тамақты тойып ішпейтіндер саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 22,8 млн адамды құраған. Сарапшылар шара қолданбаса осы ел тұрғындары ашаршылықтан қырылуы мүмкін деп болжап отыр.


Басты сөздер: Ауғанстан, Әлем,
Жоғары қарай