Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауғанстанда түрмеге шабуыл жасалып, 20 адам мерт болды

2020 жылдың 3 тамыз 2020 12:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясының әкімшілік орталығы Жалалабад қаласының түрмесіне шабуыл жасалып, салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат 1TV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін TOLOnews телеарнасы оқиға салдарынан бес адамның мерт болып, 42 адамның зардап шеккен туралы хабарлаған еді.

1TV арнасының мәліметінше, жанкешті Жалалабадтағы түрменің қасында тұрған автомобильді жарып жіберген. Ал TOLOnews-тің оқиғаның ізі суымай хабарлауынша, содырлар жарылысты пайдаланып, ғимараттың ішіне кіріп кеткен.

Қақтығыстар дүйсенбінің таңына дейін жалғасты, шабуыл жасаған бес содыр өлтірілді. Атауы белгісіз тағы бір ақпарат көзінің мәліметінше, шабуыл кезінде түзеу мекемесінен қашып кетпекке әрекеттенген 700 сотталушы ұсталған.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай