Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Ауғанстанда жарылыс болып, 9 бала көз жұмды

2019 жылдың 3 қараша 2019 01:05

КАБУЛ. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – Ауғанстанның Тахар провинциясының Дакар ауданында жарылыс болып, тоғыз бала қаза тапты. Бұл туралы Анадолы агенттігі аталмыш елдің қауіпсіздік күштеріндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.

Жолдың жиегіне орнатылған жарылыс құрылғысы сол маңнан оқушылар өтіп бара жатқан кезде іске қосылған. Салдарынан тоғыз бала мерт болып, тағы бірі жарақат алды.

Жергілікті билік құрылғыны «Талибан» қозғалысының содырлары орнатқанын айтуда.

Талибтер болған оқиғаға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай