Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауғанстаннан келген қандастардың азаматтығын рәсімдеу қаралып жатыр - Ерлан Қарин

2021 жылдың 11 қыркүйек 2021 15:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осыдан 2 күн бұрын елімізге Ауғанстаннан бір топ қандас оралды. Бүгінде олар каратинге жіберілді. Отандастарымыздың ертеңіне қатысты жоспармен ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші мақсат – Ауғастаннан келген қандастардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамту. Сондықтанда олар алдымен карантинге жіберілді. Содан соң отандастарымыздың азаматтығын рәсімдеу процесі басталады. Бүгінде ол үшін қажетті шешімдер қаралып жатыр. Одан кейін тиісті жоспар бар, сол бойынша әрекет етеміз», - деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ, Президент көмекшісі қандастарымызды жұмыспен қамтып, балаларына білім беруді ұйымдастыруда назардан тыс қалмайтынын айтты.

Еске сала кетсек, 9 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстаннан 35 қандас тарихи отанына оралды.

Кейін белгілі болғандай Ауғанстаннан келген қандастардың ешқайсынан коронавирус табылған жоқ.



Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Ауғанстан, Қандастар,
Жоғары қарай