Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Australian Open: Анна Данилина жұптық сында жартылай финалға шықты

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 10:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда швециялық Ребекка Петерсон - ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда швециялық- ресейлік жұп басымдылық танытты - 6:4.

Екіншісінде Анна мен Беатрис есе қайырды - 7:5. Сосын үшінші, шешуші сетті жеңіспен тәмамдады - 6:3.

Тартысты өткен бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.

Анна мен Беатрис финалға шығу үшін жапониялықтар Сюко Аояма - Ена Шибахарамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан - Норвегия матчы хард төсенішінде өтетінін жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай