Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Australian Open: Михаил Кукушкин негізгі турнирге жолдама алды

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 11:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионатының негізгі турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 180-сатыда тұрған 34 жастағы қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 141-ракеткасы, 25-тегі америкалық Эрнесто Эскобедомен кездесті.

Бірінші партияда М.Кукушкин 6:4 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде Э.Эскобедо қарымта қайырды – 7:5.

Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші шеберлігін көрсете білді – 7:5.

Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында М.Кукушкин 10 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Қарсыласы 9 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша Аустралия ашық чемпионатына әйелдер мен ерлер арасында Қазақстаннан үш-үштен теннисші қатысатын болды. Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Диясқа қоса Александр Бублик, М.Кукушкин және Тимофей Скатов жекелей сында кортқа шығады.

Өткен жылы бұл «Үлкен дулыға» жарысында А.Бублик екінші, М.Кукушкин бірінші айналымнан аса алмаған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакина мен Зарина Диястың өзара кездесетінін, Тимофей Скатовтың алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина Сидней турнирінің финалына шықты.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай