Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Australian Open: Тимофей Скатов қарсыласына есе жіберді

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 09:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Тимофей Скатов Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл дүниежүзілік рейтингте 255-орында тұрған 20 жастағы қазақстандық теннисшінің бірінші «Үлкен дулыға» турнирі болатын.

Қызылжар қаласының тумасы Т.Скатов алғашқы айналымда әлемнің 117-ракеткасы, 31-дегі тәжірибелі словакиялық Норберт Гомбошпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда брейк жасаған Н.Гомбош басымдылық танытты – 6:3. Екінішісінде де қарқынын үдете түсті – 6:2.

Дегенмен Тимофей үшінші сетте екі брейк жасап, 6:1 есебімен ұтты.

Төртінші партияда қазақстандық спортшы брейкпен алға кетті – 4:2. Әйтсе де қарсыласы таразы басын теңестіріп қана қоймай, матчты брейкпен бітірді – 6:4.

Үш сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Т.Скатов 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс, 5 брейкке (16 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Осылайша ерлер арасында жекелей сында Қазақстаннан Александр Бублик қана қалды.

Н.Гомбош екінші айналымда әлемнің 27-ракеткасы, US Open турнирінің 2014 жылғы чемпионы, хорватиялық Марин Чиличпен кортқа шығады. Ол бастапқы кездесуінде эквадорлық Эмилио Гоместі 6:3, 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің чемпионатты жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин екінші айналымға өте алмады.


Перевод Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай