Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аустралияда коронавирус вакцинасын алуы міндетті мамандықтар тізімі кеңейтілмек

2021 жылдың 29 маусым 2021 22:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аустралияның премьер-министрі Скотт Моррисон елде бірқатар мамандық иелері үшін Сovid-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау міндетін енгізу туралы хабарлады.

Бұл туралы премьер-Министрдің 28 маусымда кешке елдің ұлттық кабинеті отырысының қорытындысы бойынша таратылған мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

«Қарт адамдарды қамқорлығына алған кез-келген мекеме азаматтарды жұмысқа қабылдау алдында олардан COVID-19-ға қарсы егілгенін растайтын құжатты міндетті түрде талап етуі шарт. Ал аймақтар мен Достастықтың тиісті билік органдары оның сақталуын бақылауға алуға міндетті», - делінген мәлімдемеде.

Премьер-министр қарттар үйлері, мүгедектер мен қарттарға арналған интернаттардың барлық қызметкерлері вакцинаның алғашқы дозасын 2021 жылдың қыркүйек айының ортасынан кешіктірмей қабылдауы керек екенін атап өтті.

Ұлттық кабинет, сонымен қатар, коронавирус инфекциясына қарсы міндетті түрде егілуі тиіс азаматтардың мамандығына қатысты тізімді кеңейту мәселесін қарастырып жатыр. Жақын арада оған мемлекеттік карантин жүйесінің қызметкерлерін қосу жоспарланған. Келесі кезеңде әуежайлар мен авиациялық инфрақұрылым саласының барлық қызметкерлері, сондай-ақ аймақаралық жүк тасымалы және тау-кен өндірісі жүйесінде жұмыс істейтін азаматтар тізімді толықтыратын болады.


Жоғары қарай