Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыл әйелдерінің 25 пайызы бала бағып, үйінде отыр - статистика

2020 жылдың 29 қазан 2020 20:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» партиясы ауыл әйелдерінің еңбекпен қамтылу мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріккен ұлттар ұйымы мәліметіне сәйкес әйелдердің қоғамдағы рөлі экологиялық проблемалардан кейін екінші тұрған мәселе екен. Мемлекетімізде шығыс елдеріне тән түсінік басым болғандықтан әйелдер қауымы тек отбасында ғана белсенді болу керек деген ұғым бар. Әрине, бір қолымен әлем тербеткендердің қоғам қалыптастыруда орны ерекше екендігін ескерсек, әйелдерді саясатқа да, экономикаға да белсене қатысуға кейде қимаймыз. Десе де, қазіргі заманның талабы басқа. Әйелдер ерлерге қарағанда жанашырлық пен тазалыққа біртабан жақын тұрады. Ал сол әйел қауымына мемлекет тарапынан қаншалықты жағдай жасалған?» деп жазады партия ресми Instagram парақшасында.

Партия осы мәселеге орай еліміздегі статистиканы жариялады. Онда ауыл әйелдерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші ерекше назарға алынған. Оған сенсек, ауыл әйелдерінің басым көпшілігі, яғни 25,1 пайызы - үй шаруасындағы аналар. 22,9 пайызы бюджеттік жұйымда жұмыс істейді.





Жоғары қарай