Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Ауыл – ел бесігі»: Ордабасыда жаңа спорт кешені ашылды

2021 жылдың 15 желтоқсан 2021 14:31

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Төрткөл ауылдық округінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында заманауи спорт кешені ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа нысанның лентасын қиған Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мерекелік жиында спорт ардагері Асан Жұмабаев тәуелсіздік жылдарында мемлекет тарапынан ауылдарға әлеуметтік көмектің көптеп көрсетіліп жатқандығына тоқталды. Мамыр айында басталған құрылыс Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аяқталды.

Спорт кешенінде воркаутпен айналысуға арналған, сондай-ақ футбол, шағын футбол, баскетбол, волейболға арналған алаңдар бар. Бұдан бөлек, еркін күрес, грек-рим күресі, самбо, дзюдо, бокс бойынша күнделікті жаттығулар өткізілетін залмен қатар қол добы, үстел теннисі, баскетбол, волейбол сынды командалық ойындарды ойнауға мүмкіндік қарастырылған.

















Жоғары қарай