Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ауыл – ел бесігі: ШҚО-да 81 жоба жүзеге асырылды

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 21:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 81 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша өңірдегі 116 тірек ауылда түрлі жұмыстар жүргізілген. 2019-2020 жылдары 20 тірек ауылда 10 млрд теңгеден астам сомаға 56 жоба іске асырылды. Осылайша, ауылдағы 107 мың адамның өмір сүру сапасы жақсарды.

Жобаларға сәйкес 9 әлеуметтік нысан салынып, 32 нысан жөндеуден өтті. 150 шақырым кентішілік жолдар жөнделді. Атқарылған жұмыстардың арқасында 784 жұмыс орны құрылды.




«2021 жылы 44 тірек ауылда және 93 басқа да елді мекендерде аталған бағдарлама бойынша 9 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 4 нысанның құрылысы басталып, денсаулық сақтау, білім және мәдениет саласындағы 13 әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. 32 ауылда жарықтандыру жүйесі жаңартылып, 156 шақырым кентішілік жолдар жөндеуден өтті», - делінген ақпаратта.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 81 жоба аяқталған. Қалған 12 жоба 2022 жылы жалғасын таппақ.


Жоғары қарай