Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыл – ел бесігі: Солтүстік Қазақстанда 32 жоба жүзеге асырылып жатыр

2020 жылдың 16 қазан 2020 09:52

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 307 елдімекен болашағы зор ауылдардың қатарында болса, биыл 19 тірек елдімекенде ауқымды жобалар қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да 635 елдімекен бар. Соның жартысынан астамы болашағы бар ауылдардың қатарында. Яғни әлеуеті жоғары, ыңғайлы орналасқан, демографиялық жағдайы жақсы.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы облыста 2019 жылдан бері жүзеге асып жатыр. Мақсаты - елдімекендерді жаңғырту, ауыл тұрғындарын әлеуметтік игіліктермен қамту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу немесе жаңғырту.

Былтыр СҚО-ға 1 млрд 930 млн теңге бөлініп, 21 жоба жүзеге асырылды. Оның 19-ы Саумалкөл елдімекенінде қатысты болды. Кешенді дамыту бойынша Саумалкөл таңдап алынды, елдімекеннің туристік әлеуеті жоғары.

«Үш мектеп, емхананың бірінші қабаты қалыпқа келтірілді, жол орташа жөнделді. Орталықтан жылу беру үшін желі мен қазандық құрылысы басталды. Екі қабатты ғимарат өнер мектебі ретінде қайта құрылды және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Тағы екі жобаның бірі Бескөл ауылында, бір шақырымнан астам жылу желісі тартылды. Талшық ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Нәтижесінде мемлекеттік бағдарлама 26 мың адамды қамтыды», - дейді СҚО экономика басқармасы ауылдық аймақтарды дамыту бөлімінің жетекшісі Жанар Ахмиева.

Биыл бұл мақсатқа 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Оған 19 тірек елдімекенде 32 жоба қолға алынған. Қазіргі таңда төрт жоба аяқталса, жетеуі бітуге жақын. Нәтижесінде 73 мыңнан астам адамның өмір сүру деңгейі жақсармақ.

«Келер жылға жоспар бар. 12 тірек елдімекен негізге алынады. Алдын ала осы мақсатқа қаражат бөлініп отыр. Осылайша, тағы 32 мың ауыл тұрғынын қамтимыз», - дейді Жанар Ахмиева.


Жоғары қарай