Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ауыл – ел бесігі: Түркістан облысының Келес ауданында 25 нысан жөнделеді

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 22:38

КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Келес ауданында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлығы 23 ішкі көше жөнделіп, орталық стадион мен аудандық мәдениет үйі толық қайта жаңғыртылатын болады. Бұл 25 нысанға республикалық бюджеттен 1 млрд 229,3 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар, аудан басшысы аймақта өндірілген жалпы өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 30,9 млрд теңгеге жеткенін баяндады. «Кірістер бойынша 2019 жылдың 8 айында жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 96,8% орындалды. Ал осы мерзімде белсенді шағын және орта субъектілер саны 8500-ге жетіп, онда жұмыс істейтін адамдар саны 18,1 мың адамды құрады. «Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы құны 327,4 млн теңгені құрайтын екі жобаны 2019 жылы іске қосу жоспарланған. 2018 жылы құны 250 млн теңге болатын 1 жоба іске асырылып, 50 жұмыс орны ашылды», - деді Ақментай Есбаев.




Аудан басшысы сондай-ақ, 4 млрд 323,1 млн теңгеге 27 нысанның құрылысы жүргізілгенін атап өтті. Мәселен, білім саласында - 2, табиғи газбен қамтуда - 1, ауыз сумен қамтуда - 13, сапалы электр қуатымен қамтуда - 11 нысан салынған. Оның ішінде 4 жаңа нысанның құрылысы бүгінде пайдалануға берілген.










«Инфрақұрылым бойынша елді мекендерге шаққанда Келес ауданында табиғи газбен қамту үлесі – 65%, ауыз сумен қамту – 54,4% болса, сапалы электр қуатымен қамту – 65% жеткен. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, 2020 жылға қарай 43,9 шақырымды құрайтын ауданның 30 ішкі көшелерін жөндеу жоспарлануда», - деді Келес ауданының әкімі.







Жоғары қарай