Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 70 мың отбасылық шаруашылық құрылады - Ерғалиев

2021 жылдың 19 қазан 2021 10:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 70 мың отбасылық шаруашылық құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агроөнеркәсіптік кешен саласында 4,5 трлн теңге сомасына 934 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. 600 мың гектар жаңа суармалы жерді айналымға тарту 70 мың отбасылық шаруашылық құруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2,5 есе артады», - деді Әсет Ерғалиев аталған жобаның орындалуы жайында баяндай келе.

Министрдің айтуынша, қайта өңделген өнімнің үлесі 70 пайызға дейін жеткізіліп, агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 2 есеге ұлғайтылады.

«7 ірі жүйенің экожүйесін қалыптастыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру қамтамасыз етіледі. 500 мың жұмыс орны құрылады. «Ауыл - ел бесігі» жобасын іске асыру ауыл халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ете отырып, ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпін береді», - деді ол.

Айта кетейік, алдағы 4 жылда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 3,5 мың ауылды дамытуға 670 млрд теңге жұмсалады.



Жоғары қарай