Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ауыл» партиясы елордада ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды

2020 жылдың 24 қазан 2020 11:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ауыл» партиясының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының өкілдері мен студенттер елордады ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін партияның жастар қанатымен бірлесе ағаш отырғызу акциясын өткізіп жатырмыз. Сонымен қатар бұл шара қаладағы тазалыққа үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды. Қыстың алдында көшелердің тазалығына өз үлесімізді қоспақпыз. Шаһарда көктем мен күз мезгілінде осындай акцияларға ерекше екпін қойып отырмыз. Өйткені, осындай шаралардың жастар үшін тәрбиелік мәні жоғары», - деді «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы Мейрамбай Оралов.

Акция аясында Жұмабек Тәшенов және Таха Хусейн көшелерінің қиылысында 20-дан астам түп тал отырғызылды. Шараға елордадағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

«Партия еліміздің өзге де өңірлерінде осы тектес шараларды ұйымдастыруда. Біз бұдан басқа да экологиялық шараларды жоспарға енгіздік. Қала аумағындағы парктерде тазалық шараларына қатыспақпыз. Жастарды көбірек тартуға тырысудамыз, яғни жастар ағашты өздері ексе, олар қоршаған ортаға зиянын келтірмейтіні анық. Кейін өздері отырғызған ағаштардың күтіміне мән береді. Сондықтан осындай экологиялық шараның тәрбиелік жағына басымдық қоямыз», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Нұр-Сұлтан қаласында 6 миллионға жуық гүл, 30 мың ағаш отырғызу жоспарланған еді.










Жоғары қарай