Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл астық түсімі өсетінін болжады

2022 жылдың 25 мамыр 2022 16:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл астық түсімі гектарына 0,7 центнерге артады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егін шаруашылығы департаментінің директоры Азат Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, «Қазгидромет» қуаңшылыққа байланысты оң болжам жасап отыр. Қазір егін егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз көктемгі қуаңшылықты болдырмадық. Ауа райы қолайлы, жұмыс жүріп жатыр. Жинақталған ылғал бар. Фермерлер қысқы кезеңнен қалған ылғалды жинақтау және сақтау іс-шараларын жүзеге асыруға тиіс болатын. Олар мұны жүзеге асырды. Жақсы өнім алудың жалғыз жолы – «ылғалды жабу», - деді Азат Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, қолайлы ауа райы астық түсімінің артуына ықпал етеді.

«Фермерлер ылғал жинау жұмысын жүргізді. Және де бұл астық түсімі гектарына кемінде 0,7 центнерге артатындығына қатысты болжам жасауға мүмкіндік береді. Жүргізілген іс-шаралардың арқасында өсімдік қажетті ылғалмен қамтамасыз етіледі», - деді департамент директоры.


Жоғары қарай