Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыл шаруашылығы министрлігінің іс-әрекетінде бәсекені шектеу белгілері бар - агенттік

2021 жылдың 15 маусым 2021 16:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құс фабрикаларының өтінішін қарау қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты мемлекеттік органның бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бойынша тергеуді бастады. Бұл жайында агенттіктің сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Монополияға қарсы заңнаманы ҚР АШМ тауық жұмыртқасын өндірушілерге субсидияларды бөлу кезінде бұзғаны анықталды. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті баға берілетін болады.

Бұдан бөлек, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне келіп түскен өтініштің негізінде ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендiру ережесіне талдау жүргізілді.

Онда малға арналған сәйкестендiру құралдарын (құлақ сырғаларын) әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар қамтылған.

Белгілі болғандай, бұл ереже әлеуетті жеткiзушiлердiң мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейдi, өйткені онда ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендiру жүргізуге арналған құралды сертификатталған өнімі жануарлар туралы жазбаларды жүргізу жөніндегі халықаралық ұйымның (ICAR) интернет-ресурсында ұсынылған өндірушілер дайындайды делінген.

Ал Қазақстан нарығында өнімдері ICAR интернет-ресурсында көрсетілмеген малға арналған құлақ сырғаларын өндірушілер бар.

Анықталған фактілер негізінде ҚР АШМ-ға монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы ескерту енгізілді.

Ескерту заңнамада белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда агенттік тергеп-тексерудiң жүргiзiлуiне бастамашылық етедi.


Жоғары қарай