Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласындағы үздік 3 өңір анықталды

2020 жылдың 10 қараша 2020 10:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай, Ақмола мен Павлодар облыстары ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласында үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,2 пайызға ұлғайып, 5,4 трлн теңгені құрады. Бұл өсім негізінен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 7,1 пайызға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Өңірлерге келер болсақ, 3 облыста республикалық деңгейден жоғары қарқын байқалады: Қостанай облысы – 121,3 пайыз, Ақмола облысы – 114,1 пайыз және Павлодар облысы – 105,5 пайыз», - деді Сапархан Омаров Үкімет отырысында.

Оның айтуынша мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі көрсетілген кезеңде 2,7%-ға ұлғайып, 2,1 трлн теңгені құраған. Бұл ретте тірідей салмақтағы ет өндіру көлемі 3,7%-ға, сүт 3,1%-ға ұлғайған. 10 айдың ішінде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,4%-ға өсіп, 1,6 трлн теңгені құраған.


Жоғары қарай