Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру керек - министр

2020 жылдың 19 маусым 2020 13:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының ескірген паркін жаңарту үшін отандық өндірісті ынталандыру қажет. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда 10 жылда өндіріс өсімі 5 есе, инвестиция өсімі - 3,4 есе өсті, өнімді локализациялаудың орташа деңгейі 37% құрады.

«2020 жылдың бес айында 12 млрд 46 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникасы, оның ішінде 825 трактор, 139 комбайн шығарылды, өсім 54% құрады. Аталмыш бағыттағы кәсіпорындарда Агромашхолдинг (астық жинайтын Есіл комбайндары мен Ловол тракторлары), СемАЗ және Композит Групп Қазақстан (Беларус маркалы тракторлар), Қостанай трактор зауыты (Кировец тракторларын құрастыру), Қазақстандық Агро-Инновациялық Корпорация (Беларус, Бюлер тракторлары, АКРОС, ТОРУМ комбайндары, АМИТИ егіс кешендері және басқа да жабдықтар), және Дон Мар компаниясы (орақ және егін жинауға арналған бұйымдар) бар», - деді министр Үкімет отырысында.

Қазіргі уақытта елімізде 153 мың трактор мен 42 мың дана комбайн тіркелген. Тракторлардың 65% мен комбайндардың 46% 17 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылуда.

«Ауыл шаруашылығы техникасының ескірген паркін жаңарту үшін біз өзіміздің ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының заманауи өндірісін құру бойынша жұмыс істеудеміз. Бұл шаралар еңбек өнімділігін және өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Автоөнеркәсіпте кәдеге жаратуды ынталандыру тәжірибесін ауыл шаруашылығы техникасына тарату керек деп есептейміз. Ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру үшін отандық тракторлар мен комбайндарды лизингке сату бағдарламасы іске қосылды», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Жоғары қарай