Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауылдағы алғашқы «сервистік әкімдік» СҚО-да ашылды

2020 жылдың 25 қазан 2020 04:03

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс бабымен жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Келлеровка ауылындағы «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Тайынша ауданының Келлеровка елдімекенінде іске қосылған сервистік әкімдік, бұл - ауылда жұмысын бастаған алғашқы фронт-кеңсе. Енді ауылдық округ тұрғындары әкім аппаратының мамандары мен ветеринарлық дәрігердің көмегіне осы орталыққа жүгіне алады. Фронт-кеңседе бұдан басқа өтініштерді қабылдау секторы, өзіне-өзі қызмет көрсету орны бар.

«Мен ауыл халқына мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді ету үшін мұнда жақсы жағдай жасалған деп есептеймін. Басталған жұмыстың соңы бар. Енді тұрғындарды цифрлық сауаттылыққа үйрету керек. ХҚКО тәжірибесіне сай, төлемдер үшін банкоматтар мен терминалдар орнату қажет», - деді Алик Шпекбаев.





Антикор жетекшісі Президенттің тапсырмасы мен халықаралық стандарттарға сай болу үшін мемлекеттік қызмет көрсетулерді 100% электронды нұсқаға аудару қажеттігін ерекше атап өтті. Электронды үкіметтің дамуы бойынша бүгінгі таңда Қазақстан БҰҰ елдері арасында 194 мемлекеттің ішінде 28 орында тұр. Бұл - республикада цифровизацияның даму қарқынының жылдамдығын дәлелдейді.

«Ашық әкімдік» қоғамдық қабылдау түрінде де қызмет атқаратын болады. Енді ауылдық округ әкімі бірінші қабатта «open space» кабинетте орналасады. Жеке қабылдауға келгендерге бұл өте қолайлы.

«Біздің мақсатымыз – түрлі қызметтерді бір орында көрсету арқылы адамдардың уақытын үнемдеу. Бұған дейін, мәселені шешу үшін шартты түрде 10-15 күн қажет болса, бүгінде небәрі 2-3 күн ғана кетеді», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.





Орталықтың ашылғанына ауыл тұрғындары дән риза. Өйткені енді көмек алу үшін аудан орталығына барудың қажеті жоқ. Айта кету керек, Келлеровка елдімекені бұрын аудан орталығы болған.

Агенттік Төрағасы Илик Шпекбаев сапары барысында Петропавл қаласындағы «AGROKÓMEK» сервистік орталығының ашылуына да қатысады.








Жоғары қарай