Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ауылдағы мемқызметшілердің әлеуетін арттыру қажет – Махамбет Досмұхамбетов

2020 жылдың 13 наурыз 2020 04:16

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін дамытудағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның мақсаты – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқыту бағдарламалары аясында өңірдегі мемлекеттік қызметті тиімді ұйымдастыру, заманға сай дамыту. Конференцияға облыстық басқарма басшылары, әдеп жөніндегі уәкілдер мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекетті басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалының қызметкерлері қатысты.

Алдымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Атырау облысы әкімдігі ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

«Өңірлерде, әсіресе, ауылдық жерлерде мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру керек. Осы орайда академияның жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне өндірістен қол үзбей сапалы білім алуды ұсынуы – құптарлық бастама. «Өңірлік даму» икемді оқу кестесіндегі бір жылдық магистратура бағдарламасымен жергілікті мемлекеттік қызметшілер білім алуы қажет. Осы мақсатта облыс әкімдігінен қаржы қарастырылып отыр. Өйткені, бұл – өңіріміздегі әлеуеті мықты мемлекеттік қызметшілерімізге таптырмас мүмкіндік. Себебі, олар мансаптық өсу арқылы қоғам дамуы мен елге қызмет етудің ерекше үлгілерін үйренеді» -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Қазіргі таңда академияның облыстық филиалы заман талабына сай мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынын қалыптастыруда біраз жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда, ақпараттық-коммуникациялық жұмыс оқытудың ажырамас бөлігіне айналған. Сонымен қатар, академияда оқу үдерісін ұйымдастыру сандық және интерактивтік оқыту технологияларына негізделген. Ал, филиалдың біліктілікті арттыру семинарына 1584 мемлекеттік қызметші қатысқан. Оның 1062-сі – тыңдаушы.


Жоғары қарай