Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Ауылым — алтын тұғырым» байқауының жеңімпаздары анықталды

2020 жылдың 9 маусым 2020 13:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұйымдастырған «Ауылым — алтын тұғырым» дәстүрлі әдеби-онлайн конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл аталған конкурстың «Алтын тұғыр» бас жүлдесін «Драматургия» номинациясы бойынша жазушы-драматург Төкен Әлжантегі жеңіп алды. Жеңімпаз үш номинация бойынша 1 орынды жеңіп алған қаламгерлердің арасынан қазылар алқасының шешімімен анықталды.

«Поэзия жанры - жетекші жанр. Қазақ деген ақын халық. Биылғы байқауда Есенғали ағамыздың «Әйелден ақын шықпайды» деген сөзі ескіргенін ұқтырған ақын қыздарымыз болды. Ақын қыздарымыздың қадамы құтты болсын! Кез келген ауылдан шыққан азаматтың ауылға деген сағынышы зор. «Ауыл» партиясының осы тақырыпта байқау ұйымдастыру себебі - ауылдағы мәселені көтеру. Бұл жерде ауылға деген сағыныш қана емес, ауылдағы түйіткілді мәселелер де көтерілуі керек», - дейді Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы, ақын, қазылар алқасының мүшесі Дәулеткерей Кәпұлы.










Байқауға қатысқан 207 қаламгердің арасынан «Поэзия» аталымы бойынша 1-орынды Рауан Қабидолдин иеленсе, 2-орынға Жадыра Байбұланова, 3-орынға ақын Әлібек Шегебай лайық деп танылды.







Сондай-ақ аталған номинация бойынша Кеңшілік Мырзабеков атындағы арнайы жүлдемен - Жұлдыз Ілебаева, Нұрлан Мәукенұлы атындағы арнайы жүлдемен - Дана Исағұлқызы, Серік Қапшықбайұлы атындағы арнайы жүлдемен - Әрбибек Даули, Қаныбек Сарыбаев атындағы арнайы жүлдемен - Асылбек Жаңбырбай, «Ауыл» партиясының арнайы жүлдесімен - Жанат Боқашұлы марапатталды.























Жоғары қарай