Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыр атлетика федерациясы ұлттық құрама мүшелеріне көмек көрсетті

2020 жылдың 5 тамыз 2020 21:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыр атлетика федерациясы ауыр атлетикадан ұлттық құрама мүшелеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құрама мүшелерін дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етті. Дәрі-дәрмектер арасында вирустық аурулардың алдын алатын «циклоферон», дәрумені (цинк, C, «детримакс»), жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері үшін «ксарелто» антикоагулянты, сондай-ақ қолғап мен маска бар.

Сондай-ақ, ауыр атлетика ардагерлері де аталған дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Бұл заттар Алматы облысына (Талдықорған, Текелі, Үштөбе), Қарағандыға, Қызылордаға. Шымкент пен Түркістан облысына, Ақмола облысына (Көкшетау мен Степногорск), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысына (Өскемен, Семей, Зырян) жөнелтілді. Карантин кезінде команданы қолдау мақсатында ұлттық құрама мүшелеріне бір реттік материалдық көмек төленеді.














Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай