Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыр атлетикадан болашақта Қазақстанның намысын кімдер қорғайды

2021 жылдың 30 шілде 2021 17:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыр атлетикадан әлемдік аренада Қазақстанның намысын қорғайтын басты үміткерлер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Токио Олимпиадасында оң нәтиже көрсеткен барша спортшыларды құттықтаймын. Бұл - үлкен жауапкершілік. Қазақстанның спортында ауыр атлетиканың орны ерекше, оның дәлелі - Азия және әлем чемпионаттарындағы біздің атлеттердің жетістігі. Айтар болсақ, 2018 жылы АҚШ-та өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 5 бірдей спортшымыз барып, барлығы да үздік нәтиже көрсетіп, чемпион болып оралған еді. Сол секілді мысалдар жетіп жатыр»,- деді ауыр атлетикадан ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірұлы ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ендігі уақытта ерекше көзге түсіп, 2024 жылғы Париж Олимпиадасына барады деп үміт күттіріп отырған ауыр атлеттер баршылық.

«Ерлер арасында Бекболат Рахат, Абылай Әуелханұлы, Сапи Есенгелді, Нұрғиза Әділетұлы, Ақмолда Сайрамкез, Анатолий Савельев, Артем Антонов сынды спортшыларымыз ел намысын қорғайды деп үміттенеміз. Ал қыздар арасында Айзада Үмітділдә, Гүлнұр Айорай, Айсамал Сансызбаева, Айша Омарова, Руфина Шалқарова, Ольга Поступова, Надежда Ли, Раушан Мешітханова секілді әлемдік жарыста дес бермейтін ауыр атлеттеріміз бар», - дейді Меңдіхан Тәпсірұлы.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай