Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Ауыр сөмке оқушының денсаулығына қаншалықты зиян

2019 жылдың 18 қазан 2019 16:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары астана мектептерінде оқушылар сөмкесінің салмағын өлшеп жүр.

Ведомствоның өзі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне осындай ұсыныс білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент басшысы Сәдуақас Байғабыловтың сөзіне қарағанда, ауыр сөмке оқушылардың белін ауыртып, бүкір қылудан бөлек, кифоз, лордоз сияқты ауруларға шалдықтыруы, тіпті балалардың тірек-қимыл аппаратына зардабын тигізуі мүмкін.

С. Байғабылов ағзасы, қаңқа-бұлшық ет жүйесі енді ғана қалыптасып келе жатқан жеті жасар балалардың денсаулығына алаңдаулы.

Оның айтуынша, оқулық толы сөмкенің салмағы төрт, кейде бес килограмға дейін жетеді. Сондықтан оқушы сөмкесіне қойылатын талаптарды қайта қарап, мектептердің тексеру парағына қосымша тармақ енгізу қажет.

Департамент басшысы қазірдің өзінде гигиеналық талаптардың бұзылуына айыппұл салынатынын ескертті. Айта кетейік, мұндай айыппұлдың мөлшері 500 мың теңгеден асып түседі.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім, Медицина,
Жоғары қарай