Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аузына картоп тығындаған: Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты

2021 жылдың 20 сәуір 2021 15:36

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен досының аузына картоп тығындап өлтірген ер адамға қатысты істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.


Ауыл тұрғыны 2020 жылдың 17 қыркүйегінде кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Іс материалдарына сәйкес, Подстепка ауылының тұрғыны досының жалғыз өзі ішімдік ішкені үшін ренжіп қалған. Танысын кереуетте мас күйінде жатқанын көрген ол ұра жөнелген. Бұдан кейін екі шикі картоп түйнегін алып, ұйықтап жатқан адамның аузына бір-бірден тығындаған. Ер адам механикалық асфиксиядан көз жұмды.
Прокурор айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы мен оның қорғаушысы бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, ақтау үкімін шығаруды сұрады.
– Алайда ер адам дәрменсіз күйде жатқан адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Алқабилердің бірауыздан қабылдаған үкімімен 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.

Сотталған адам жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуі тиіс.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Жоғары қарай