Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Айбын-2020» әскери-патриоттық жиыны аяқталды

2020 жылдың 27 қараша 2020 03:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл рәсім бейнебайланыс арқылы Қазақстанның барлық өңірінде онлайн түрде көрсетіліп, соның арқасында жиынға қатысушылар тікелей эфирден бақылауға мүмкіндік алды.

Аталған іс-шараға қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, жеке сынақта және «Үздік Жас сарбаз» аталымы бойынша үздік команда капитандары, жиынның жеңімпаздары қатысты.

Республикалық жиын екі ай бойы өтті. Онлайн-форматта 39 команда жарысты. Жалпы қатысушылар саны 585 адамды құрады. Жиынның конкурстарына әскери қолданбалы спорт түрлері, интеллектуалдық және шығармашылық жарыстар кірді.




«Мен жеңімпаздарды құттықтаймын. Барлық қатысушыларға жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс білдіремін. Сіздер бәріңіз әскери іспен танысып, армия мен Қарулы Күштердің тарихы туралы білдіңіздер, жетістіктеріңізді, білімдеріңіз бен ептіліктеріңізді көрсеттіңіздер, жаңа достар таптыңыздар, өздеріңізді сынап көрдіңіздер», – деді Нұрлан Ермекбаев.

Шығыс Қазақстан облысының, Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің командалары өз аталымдарында үздік атанды. Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының «Сағадат» командасы жиынның абсолютті Гран-при жеңімпазы атанды.




Жеңімпаз командалар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Әр конкурсант қатысқаны туралы сертификат алды.





«Жыл сайынғы жиын – бұл біз үшін жаңа тәжірибе, жаңа достар, жаңа әсерлер. Қашықтықтағы форматта өтуіне қарамастан, конкурс өте қызықты, әрі тартымды болды. Бұл жиын біздің жүрегімізде Отанға деген сүйіспеншіліктің отын жақты. Бізді жыл сайын өте жоғары деңгейде өтетін осындай ауқымды шараларға қатысуға мүмкіндіктің болуы қуантады», - деп Шығыс Қазақстан облысы «Жас қыран» командасының капитаны Ажар Ықыласова өз әсерімен бөлісті.


Жоғары қарай