Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әйел дауысымен сөйлеген – астанада ер адам зейнеткерді алдады

2022 жылдың 13 мамыр 2022 14:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында елордалық зейнеткерді алдап, қомақты қаражатын алып кеткен күдіктіні Қарағанды қаласынан ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұрын істі болған 36 жастағы ер адам елордада тұратын зейнеткердің қалалық телефон нөміріне қоңырау соққан. Қаскүнем алдымен әйел дауысымен сөйлеп, зейнеткерге қызы екендігін айтқан. Өзін жолда полицейлер тоқтатып, жібермей жатқанын жеткізген. Осыдан кейін өз дауысымен полиция қызметкері рөліне кіріп, қызының есірткі заттарымен ұсталғанын айтқан. Күдікті мәселені шешу үшін зейнеткерден 300 мың теңге талап еткен.

«Зейнеткер ақшаны конвертке салып, үй ауласында көрсетілген жерге қойған. Кейін күдікті конвертті алып, бой тасалаған. Біраз уақыттан кейін зейнеткер алданып қалғанын түсініп, бірден полицияға жүгінген. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол алаяқтық жасағанын мойындады», - деп атап өтеді департаменттен.

Ведомствоның хабарлауынша, күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ оның елорда аумағында осындай қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.


Жоғары қарай