Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Әйелдер күресінен әлем чемпионатында үш қазақстандық жартылай финалға өтті

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 17:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші күні бозкілемге шыққан балуан қыздарымыздың үшеуі жартылай финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтар болсақ, 72 келіде белдесетін Жәмила Бақбергенова екінші айналымда түркиялық балуанды 10:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алса, 55 келіде белдесетін Марина Седнева польшалық балуан Лукасиаканы 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті. Сондай-ақ, 50 келі салмақта ширек финалда түркиялық Евин Демирханды 12:2 есебімен жеңген жерлесіміз Валентина Исламова жартылай финалға шығып қана қоймай, Токио Олимпиадасының жолдамасын қанжығасына байлады.




Енді, Бақбергенова жартылай финалда Олимпиада чемпионы, ресейлік Наталья Воробьевамен кездессе, Седнева жапониялық балуанмен күш сынасады. Ал Исламова жартылай финалда румыниялық спортшымен финал жолдамасын сарапқа салады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Валентина Исламова әйелдер күресінен Олимпиадаға жолдама жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Автор Бақытжол Кәкеш
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай