Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Айгүл Шайымова қызметінен босатылды

2019 жылдың 2 шілде 2019 18:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Айгүл Шайымова 1979 жылдың 12-қаңтарында Целиноград облысының Маринов ауданында туған. 1999 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, 2004 жылы Қаржы полициясы академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Қаржы полициясының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық байланыс басқармасының ерекше істер жөніндегі кіші инспекторы қызметінен бастады.

2002-2004 жылдар аралығында Қаржы полициясы агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық агенттігінің құқықтық сараптама бөлімінің бастығы болды.

2004-2011 жылдары Айгүл Шайымова ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2011-2012 жылдары ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі төрағасының кеңесшісі болды.

2012-2013 жылдары ҚР Бас прокурорының аға кеңесшісі, ҚР Бас прокуратурасы аппаратының Ақпараттық-талдау басқармасына қарасты Стратегиялық талдау орталығын басқарды.

2013-2014 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығы меңгерушісінің орынбасары қфзметін атқарды.

2015 жылдың қазаны мен 2016 жылдың қаңтары аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің аппарат жетекшісі болды. 2016 жылдың қаңтары мен 2016 жылдың қыркүйегі аралығында Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі қызметін атқарды.

2016 жылдан бері Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

Жоғары қарай