
Түркістан облысында 4 мыңнан астам жас әскерге аттанды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында әскерге шақыру науқаны қорытындыланып, еліміздің қарулы күштері мен басқа да әскери құрылымдарға 4 мыңнан астам жас жіберілді. Бұл туралы өңірдің қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда «Кедергісіз келешек» жобасы жанданады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Кедергісіз келешек» жобасы ерекше жандарға қамқорлық көрсету аясында қарқын алады. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов шаһардағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу барысында айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы зақымданған адамды аман алып қалды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы зақымданған адамды аман алып қалды. Елордадан келген 70 жастағы әжей ауыр халде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау-2021: Түркістанда жас жұбайлар дауыс берді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Халық саны тығыз орналасқан Түркістан облысының тұрғындары елімізде өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, таңнан бері өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі жақында ғана отау тіккен Марат Қалеке мен Ардақ Төлепбек. Жас жұбайлар бүгін Түркістан қаласындағы 104-і сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте карантиндік шектеу шаралары 25 қаңтарға дейін ұзартылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі карантиндік шектеу шаралары тағы да ұзартылды. Қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, карантин және шектеу шаралары 25 қаңтарға дейін жалғасатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өмірзақ Шөкеев жылдың алғашқы күні Түркістандағы құрылыс алаңдарын аралап шықты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа 2021 жылдың алғашқы күнін облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, қоғамдық қауіпсіздік пен коммуналдық қызмет саласының жұмысшыларымен кездесуден бастады. Қыс айларында қала аумағындағы жолдарды тазалайтын арнайы техникамен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ордабасылық полицейлер адасып қалған 3 жасар бүлдіршінді тауып, үйіне қайтарды
ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысыың Ордабасы ауданында полицейлер адасып қалған 3 жасар бүлдіршінді тауып алды. Кішкентай қыз аудан орталығы Темірлан ауылындағы саябақтардың бірінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда қылқан жапырақты ағаштардың сатылуына тосқауыл қою үшін рейдтер жүргізілуде
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында заң бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес қылқан жапырақты ағаштарды қорғау бойынша мобильді топ құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында ағымдағы жылы 63 мектептің құрылысы жүргізілді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында ағымдағы жылы 63 мектептің құрылысы жүргізіліп, 15-і пайдалануға берілген. Құрылысшылар облыста тағы алты нысанның құрылысы жуық арада аяқталатынын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысындағы оқушылар ІІІ тоқсанда қалай оқиды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 2020-2021 оқу жылының ІІІ тоқсаны білім алушылардың, мұғалімдердің және басқа қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында мектептерде оқу процесі қашықтықтан оқытылады. Ал, бітіруші сыныптар санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде оқиды. Бұл жөнінде облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Мәдіханқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістандағы «Жұмыспен қамту орталығы» жаңа тәртіпте қызмет көрсетпек
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы «Жұмыспен қамту орталығы» ашық үлгіде қызмет көрсетуге көшті. «Ашық әкімдік» жүйесі аясында мекемеге заманауи үлгідегі бейнебақылау жүйесі орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай