Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы болды

2022 жылдың 19 мамыр 2022 09:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Еуропа лигасының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнирдің финалында Германияның «Айнтрахт» және Шотландияның «Глазго Рейнджерс» командалары кездесті.

Командалар бір-біріне тегеурінді қарсылық көрсетті. Екеуінің де гол соғатын көптеген мүмкіндігі болды. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде де командалар есепті өзгертуге бар күшін салды. Нәтижесінде 57-минутта шотландиялық клубтан Джо Арибо көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 70-минутта «Айнтрахт» шабуылшысы Рафаэль Борре таразы басын теңестірді.

Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын соңындағы пенальти тебуде «Айнтрахт» мергендік танытты. Осылайша германиялық клуб Еуропа лигасының жеңімпазы болды.

Айта кетсек, «Айнтрахт» бұдан бұрын 1980 жылы UEFA кубогының жеңімпазы атанған еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогының жеребесі тартылды .



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Футбол,
Жоғары қарай