Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Аю талаған Ресей азаматы мерт болды - Алматы облысы

2020 жылдың 31 мамыр 2020 01:00

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 41 жастағы Ресей азаматын аю талап, мерт болды. Қайғылы жағдай Алакөл ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала күнінен Алакөл ауданындағы Лепсі ауылында тұрып келе жатқан 1979 жылғы Ресей азаматы достарымен бірге балық аулауға барған. Оқиға Ұлттық парктің аумағында болған. Әлгі азамат сол жерде борсықты көріп, артынан қуа жөнелген. Бірақ, артынша оның жанұшырған даусы естілген. Достары жеткенде ол қансырап жатқан. Сол маңда жүрген адамдар аюды көрген. Олардың болжамынша, әлгі аң борсық емес, аюдың қонжығы болуы мүмкін. Сірә, қонжығын қорғаған аю адамға тап берген болар. Жарақат алған ресейлік көз жұмды», - дейді бұл оқиға жайлы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы,
Жоғары қарай