Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Азаматтық сектор ауыл әкімдерін сайлау идеясын қолдауы тиіс - Мемлекеттік хатшы

2020 жылдың 27 қараша 2020 13:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азаматтық сектор ауыл әкімдерін сайлау идеясын қолдауы тиіс. Бұл туралы «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форумның жалпы отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің үкіметтік емес ұйымдары жауапты азаматтық қоғамды дамытудың және саяси жүйені демократияландыру шартының өте маңызды бағыты ретінде Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген шынайы жергілікті өзін өзі басқаруды дамытуға белсенді қатысуға тиіс екендігіне сенімдіміз. ҮЕҰ-лар мен азаматтық белсенділер жергілікті өзін өзі басқару тұжырымдамасын әзірлеу және дамытуға барынша белсенді түрде қатысуы керек. Келесі жылдан бастап елімізде ауылдық елді мекендердің әкімдерін сайлау болады. Бұл идеяның азаматтық сектордан қолдауға ие болуы, алғашқы күннен бастап-ақ жергілікті өзін өзі басқарудың үздік тәжірибесін жүзеге асыруымыз, ауылдық әкімдердің нақты жауапкершілігі мен есептілігін қамтамасыз етуіміз маңызды. Төртінші деңгейлі бюджеттер тұжырымдамасының жұмыс істеуі, ауылдар мен елді мекендер дербес бюджетке ие болуы, жергілікті жерде қалатын салық түрлеріне дұрыс арқа сүйей алуы маңызды», - деді Мемлекеттік хатшы.

Сонымен қатар ол адамдар жергілікті бюджеттің қалай қалыптасатындығын, олардың орындалуын сайланған әкімнен қалай талап ету керектігін, әкімдердің қалай сайланатындығын, даму бағдарламаларының орындалу барысын бақылауды жақсы түсінуі қажет екендігін баса айтты.

«Әрбір тұрғын жергілікті биліктен дұрыс жер саясатын, жұмыс берушіден таза жалақыны, медициналық және әлеуметтік сақтандыру қорына төлемдерді талап етуі қажет. Өз ауылының, ауданының, қаласының өмірін жақсарту жайында ойлауы тиіс», - деді Қырымбек Көшербаев.


Жоғары қарай