Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әзербайжан елшілігі қазақ халқының қайғысына ортақтасып, туын төмен түсірді

2020 жылдың 13 шілде 2020 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 шілде - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде елшіліктің Facebook парақшасында хабарланды.

«Қазақстан Республикасында 13 шілде - Жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялануына байланысты Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігі бауырлас Қазақстан халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Осындай қиын сәтте бауырлас Қазақстан халқына қолдау білдіру мақсатында елшілік ұлттық туды төмен түсіргенін мәлімдейді» делінген елшіліктің хабарламасында.

Еске сала кетейік, елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде– Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын мәлім еткен болатын.

Тиісті өкімге Мемлекет басшысы 9 шілде күні қол қойды.

Ал бүгін Мемлекет басшысы індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды.


Жоғары қарай