Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Әзербайжан, Түркия, Ирак, Татарстан... #Абай175 челенджі Еуразия кеңістігіне кең тарап келеді

2019 жылдың 14 шілде 2019 20:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абайдың 175 жылдығына орай басталған жыр эстафетасының географиясы кеңіп, Еуразия кеңістігінде кең тарап жатыр. Мәселен, әзербайжандық танымал журналист Аида Эйвазова ханым бұл эстафетаны қабыл алып, ары қарай Қырым, Саха еліне жолдады. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай басталған жыр эстафетасын #TWESCO-ның президенті Darhan Qydyráli мырзаdan қабылдап алдым. Енді эстафетаны Саха елінің ақын қызы Наталья Харлампьеваға, қырымдық Зера Бекироваға және өзіміздің Ekber Qoşalı-ға жолдаймын. Ұлы Абайдың 175 жылдығы кұтты болсын!!!» делінген хабарламада.


Еске сала кетсек, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі белгілі манасшы, қырғызстандық Рысбай Исаковқа, әзербайжандық танымал журналист Аида Эйвазоваға, Еуразия жазушылар одағының төрағасы, түркиялық Yakup Ömeroğlu және белгілі абайтанушы ғалым Garifolla Yessim мырзаларға жолдаған болатын.

Аида Эйвазовадан бөлек бұл эстафетаға түркиялық Yakup Ömeroğlu та үн қатты. «Еуразия жазушылар одағының» төрағасы Якуб Өмероғлу өз парақшасында Абайдың өлеңін оқыған видеосын жариялады.

«Түркі академиясының президенті, құрметті профессор Дархан Қыдырәлі қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны жолдады. Мен де Татарстанның халық жазушысы Ркаил Зайдуллаға, Ирактың Бауырластық журналының бас редакторы, профессор, доктор Мехмет Өмір Казанджыге және Памуккале Университетінің факультет деканы, профессор, доктор Нергіс Бірайға эстафетамды жолдаймын» деп жазды ол өз постында.

Жоғары қарай