Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әзербайжанда COVID-төлқұжат енгізіледі

2021 жылдың 25 мамыр 2021 18:56

БАКУ. ӘЗЕРТАДЖ – ҚазАқпарат - Әзербайжанда COVID-төлқұжат енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әзербайжанның ӘЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Әзербайжан министрлер кабинеті жанындағы Жедел штабтың 25 мамырда ұйымдастырылған брифингі кезінде Әзербайжан Респуликасы президентінің көмекшісі – президент Әкімшілігінің экономикалық мәселелер және инновациялық даму саясаты бөлімінің меңгерушісі Шахмар Мовсумов мәлім етті.

COVID-төлқұжат екі сертификаттан тұрады. Біріншісі – вакциналау туралы сертификат. Ол вакцинаның қос дозасын алғандарға беріледі.

Екіншісі – иммунитет туралы сертификат. Бұл сертификат вирус жұқтырған және сауығып шыққан тұлғаларға беріледі.

Екі сертификаттың да электрондық тексеру мүмкіндігі бар QR-код болады.

Президент көмекшісі адамда осы сертификаттардың бірінің болуы оған спорттық-сауықтыру нысандарына баруға мүмкіндік береді.

Ал COVID-төлқұжаты жоқ адамдар әзірге бұл нысандарға бара алмайды.

Шахмар Мовсумов сондай-ақ COVID-төлқұжат бастапқыда спорттық орталықтарда қолданылатынын атап өтті.

Алайда болашақта бұл құжат иелері басқа қызметтер – концерттер, театрлар, үйлену тойлары және өзге іс-шараларға бара алады.


Жоғары қарай