Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әзербайжанда COVID төлқұжаттарын тексеруге арналған мобильді қосымша таныстырылды

2021 жылдың 28 шілде 2021 10:15

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжанда Министрлер Кабинетінің қаулысымен қарастырылған мекемелерде Covid төлқұжаттарын тексеруге арналған арнайы мобильді қосымша әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қосымшаны әзірлеуші – Әзербайжан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновациялар жөніндегі мемлекеттік агенттіктің электрондық үкіметті дамыту орталығы.

1 қыркүйектен бастап іске қосылатын мобильді қосымшаны icazə.e-gov.az порталы арқылы анықталған уәкілетті тұлғалар пайдалана алады. Мобильді қосымша уәкілетті адамға құжаттың QR-кодын тексеру немесе жеке куәлік деректерін енгізу арқылы ұсынылған COVID-паспортының немесе иммунитеті туралы сертификаттың жарамдылығын тексеруге мүмкіндік береді.

Электрондық үкіметті дамыту орталығының директоры Ф Джафаровтың айтуынша, егер қандай да бір адамда өзімен бірге COVID төлқұжаты болмаса, онда бұл құжатты FIN-нөмірі бойынша тексеруге болады.

«Егер азаматтың COVID-паспорты төлқұжаты болмаса, онда дереу экранда ескерту пайда болады және бұл адам Министрлер кабинетінің қаулысында көрсетілген орындарға жіберілмейді», – деп атап өтті Ф. Джафаров.

Азаматтар COVID төлқұжаттарын көре алады «myGov.az» порталында немесе myGov.az мобильді қосымшасында, e-TƏBIB мобильді қосымшасы немесе its.gov.az. арқылы, қажет болса, басып шығаруға болады.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда Ashyq қосымшасы жұмыс істейді, ол азаматтарға ПТР-тестсіз көптеген нысандарға баруға мүмкіндік береді. Ashyq қызметі iOS және Android-де тегін мобильді қосымшалар түрінде, сондай-ақ веб-нұсқа арқылы қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжан Министрлер кабинетінің шешіміне сәйкес 1 қыркүйектен бастап қызмет салаларының тізімі кеңейтілуде, олардың қызметкерлерінің 80%-да міндетті түрде вакциналау сертификаты немесе иммунитет сертификаты болуы тиіс. Бұл құжатсыз енді студенттердің ЖОО-дағы сабақтарға кіре алмайды.

1 қыркүйектен бастап COVID төлқұжаттарынсыз рұқсат етілмейтін қоғамдық орындардың тізімі кеңейтілді. Олардың ішінде кафелер, мейрамханалар, қонақүйлер мен сауда орталықтары бар.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай