Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әзербайжанда коронавирус жұқтырғандар саны 24 мыңнан асты

2020 жылдың 13 шілде 2020 17:25

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжанда жаңа типтегі коронавирус жұқтырғандар саны 24 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әзербайжан Республикасы үкіметі жанындағы жедел штабтың мәліметінше, 12 шілде күні кешкісін елде бір тәуліктің ішінде 520 адамнан коронавирус табылған. Осы уақыт ішінде республикада 486 адам емделіп, үйіне шығарылды. Сондай-ақ, COVID-19-дан тағы 8 адам көз жұмған.

2020 жылдың 12 шілдесі күнгі мәлімет бойынша, жалпы елде 24 041 адам індетке шалдыққан, соның ішінде 306 адам қайтыс болып, 15 093-і - емделіп шыққан. 8 642 адам ауруханаларда емделіп жатыр. COVID-19 анықтау үшін барлығы 568 234 тест жасалған.

Бұдан бөлек, Гейдар Алиев қорының шақыртуымен Әзербайжанға коронавируспен күресу үшін 22 ресейлік дәрігер келген.


Автор: Бекбау Тайманов


Жоғары қарай