Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әзербайжанда полиция азаматтардың ковид паспортын тексере бастайды

2021 жылдың 20 тамыз 2021 17:05

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжанда 1 қыркүйектен бастап коронавирус індетіне байланысты жаңа шектеу енгізіледі. Бұл туралы 20 тамыз күні Министрлер кабинетінің жанындағы Жедел штабтың брифингісінде Әзербайжан президентінің көмекшісі Шахмар Мовсумов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Оның айтуынша, Әзербайжанда бірқатар шектеу енгізіледі, алайда елдегі карантин режимі күшейтілмейді.

«Қоғамды коронавирус жұқтырудың көбеюі алаңдатып отыр. Әзірге локдаун мен қатаң шектеу енгізуді қажет деп таппадық. Вакциналаудың пайдасы белгілі, ол ғылыми зерттеулермен дәлелденген. Осы процесті жалғастыру керек. Егер жағдай жақсармаса, келесі жолы шараларды күшейтуді қарастыратын боламыз», - деді ол.

Ш. Мовсутовтың айтуынша, демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмысын тоқтату азаматтардың белсенділігі мен олардың бір-бірімен байланысын азайту үшін жасалған.

«Әзірге демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмысын қайта жандандыру талқыланбайды. Қыркүйектің ортасында, мектептер мен университеттер ашылар алдында оны қайта талқылауға салуға болады, алайда әзірге бұл туралы айтуға ерте», - деп мәлімдеді Ш. Мовсумов.

Брифинг барысында Әзербайжанның ІІМ баспасөз қызметінің бастығы Элшад Гаджиев 1 қыркүйектен бастап полиция қызметкерлерінің QR код немесе төлқұжат деректері бойынша азаматтардың ковид паспортын, сонымен қатар жалпы коммерциялық нысандарда карантин талаптарының сақталуын тексеретінін мәлімдеді.

«Сауда орталықтарында және білім беру мекемелерінде COVID паспортсыз жүрген жеке тұлғаларға 200-400 манат (117-235 доллар), ал лауазымды адамдарға 4-5 мың манат (2352-2941 доллар) сомасында айыппұл салынады», - деді ІІМ өкілі.

Жедел штаб 1 қыркүйектен бастап ЖОО студенттеріне, мейманхана тұрғындарына, ірі сауда-ойын сауық орталықтарына келушілер мен қоғамдық тамақтандыру орындарының клиенттеріне ковид паспортының керек екенін еске салды.


Авторы Серікбол Қошмағанбетов


Жоғары қарай