Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ажар Ғиният коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 10:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің мәліметінше, өлім-жітім бүкіл пандемия кезеңіндегі күн сайын ең көп аурушаңдық пен өлім тіркелген тамыз айымен салыстырғанда 12,4 есе азайды.

«Қаңтар айының басынан бастап желтоқсанмен салыстырғанда сырқаттанушылық 11 есе өсіп отыр. Сыртқаттанушылықтың ең көп өсуі Ақтөбе облысында – 53 есе, Маңғыстау облысында – 34 есе, Атырау облысында – 33 есе, Қызылорда облысында – 28 есе, Нұр-Сұлтан мен Шымкен қалаларында 25 есе өсу байқалады. Өлім-жітім барлық өңірде төмен», - деді Ажар Ғиният.


Жоғары қарай