Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Азық-түлік дүкеніне келгендерге маска тағуға міндеттеледі – санитарлық дәрігерлер

2020 жылдың 26 наурыз 2020 02:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда азық-түлік дүкендеріне келетін клиенттердің барлығына маска тағу міндеттеледі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Наталья Дягилева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азық-түлік дүкеніне келушілерде маска жоқ болса, қызметкерлер бетперде беруі тиіс.

«Дүкендерге тек маскамен кіруге болады. Егер келушінің маскасы болмаса, оған қызметкерлер беруі керек. Сауда орындарында осының бәрін қадағалайтын жауапты тұлға болуы тиіс. Сауда орнында санитайзерлер қойылуы керек. Санитарлық торапта сабын жеткілікті болуы шарт», - деді ол.

Ал дүкендерде қызмет көрсететін қызметкерлер де маска тағып, қолдарына бір реттік қолғап киюге міндеттеледі.

Наталья Дягилеваның айтуынша, маска таусылған жағдайда кәсіпкерлер сатып алуы тиіс.

«Келушілер де, сатушылар да осы талапты орындауы тиіс. Олай болмаған жағдайда жаза қолданылады», - деді ол.

Сонымен қатар, ертеңнен бастап Алматыда үлкен-кішілігіне қарамастан азық-түлік сайтпайтын барлық дүкендер мен сауда орындары жабылатын болады.


Жоғары қарай