Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» толығымен республикалық меншікке өтеді

2020 жылдың 9 маусым 2020 11:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпаарат - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 100 процент акциясы республикалық меншікке өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің биылғы 27 мамырдағы қаулысына сәйкес, акционерлік қоғам акцияларының 100 пайызы республикалық меншікке өтеді.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 (жүз) процентін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын» делінген ҚР Үкіметінің қаулысында.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік компаниясы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқын Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру қамтамасыз етілсін» делінген құжатта.


Жоғары қарай