Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БАӘ-інде туристерді тегін вакциналау басталды

2021 жылдың 23 маусым 2021 12:05

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) туристерді коронавирустан тегін вакциналау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әмірліктер астанасы Әбу-Дабиге келіп жатқан туристерге коронавирусқа қарсы Sinopharm және Pfizer-BioNTech препараттарын тегін сала бастады. Бұған дейін бұл вакциналар тек БАӘ азаматтары мен елде тұруға ықтиярхаты бар адамдар үшін ғана қолжетімді болған.

Abu Dhabi Health Services Company (SEHA) компаниясының мәліметінше, COVID-19 вирусына қарсы тегін вакцина алуға Әбу-Даби қаласынан визалар берілген туристер мен туристік визаны алуға рұқсаты бар төлқұжат иелерінің құқылы.

Әмірліктерде тұруға құқығы бар құжат немесе мерзімі өтіп кеткен көшпелі визалардың иелері де Әбу-Дабиде тегін вакцина салдырта алады.

Бұл ретте бұл өзгерістің Дубай қаласы мен БАӘ-нің басқа бес әмірліктерінде енгізілу не енгізілмеуі нақтыланбай отыр.

Қазіргі кезде Әбу-Даби қаласына кіруге шектеу қойылған.


Жоғары қарай