Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БАӘ-мен ынтымақтастық электр энергетикасына инвестиция тартуға ықпал етеді - депутат

2021 жылдың 27 қазан 2021 16:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламентінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутат электр энергетикасы инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып саналатын Біріккен Араб Әмірліктерімен үкіметаралық келісім Қазақстан үшін үлкен басымдықтарды қамтитынын атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елдің пандемиядан кейінгі дамуы жағдайында электр энергетикасы сияқты стратегиялық салаларға инвестициялар тарту - бұл тұтастай алғанда, Қазақстанның инвестициялық климатына, отандық кәсіпкерлікті дамытуға және ұлттық экономиканың негізгі салаларына озық әлемдік технологияларды тартуға оң әсер ететіні сөзсіз.

«Қазір еліміз жаңа Экологиялық кодекске сәйкес ең озық қолжетімді технологияларға көшеді. Сондықтан келісім аясында стратегиялық жобаларды іске асыруды қамтитын мүмкіндіктер елімізге «жасыл» экономиканы белсенді дамытуға, қоршаған ортаға теріс әсер етумен күресуге мүмкіндік береді», - деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Депутат атап өткендей, мұның бәрі жаңартылатын энергия көздері үлесінің артуына, жалпы алғанда электр энергетикасының технологиялық деңгейінің ұлғаюына ықпал ететін болады.


Жоғары қарай