Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

БАӘ Президенті мен Премьер-Министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады

2020 жылдың 25 маусым 2020 18:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа Бен Заид Әл Нахаяннан және Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумнан жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті мен Премьер-Министрі Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Алладан Сізге зор денсаулық, амандық, ұзақ өмір, отбасыңызға және достас Қазақстан Республикасының халқына жақсылық сұраймыз. Біздің зор құрметіміз бен ыстық ықыласымызды қабыл алыңыз», - делінген жеделхаттарда.


Жоғары қарай